«Батырларға тағзым» веб-порталына күні бүгінге дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан 678 мың қазақстандық майдангердің мәліметі жинақталды. Мұнда майданда болған жауынгерлердің құжаттары, жазған хаттары, күнделіктері мен фотосуреттерін тіркеуге болады. Кез келген қазақстандық соғысқа қатысқан жауынгер туралы деректерді енгізіп, базаны толықтыра алады. Дәлел-дәйектерді арнайы комиссия тексереді.
СНХ: САҒИЛА НҰРЛАНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ