Астанада «Қазақ елі» алаңындағы парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды. Әскери шеру барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді. Петропавл қаласындада барлық қарулы күштер тұрғындар жиналып осы әскери парадты тамашалады. Барша халықты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мерекемен құттықтады.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ-ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ


Елордада өткен ауқымды шеруге 24 парадтық топ қатысты. 4 мыңға жуық сарбаздың 200-ден астамы қыз келіншектер. 300-ден астам жауынгерлік техника таныстырылды. Әскери шеруге елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері де келді. Айта кетейік, мұндай айтулы іс-шара елімізде соңғы рет 2017 жылы ұйымдастырылған.

Ауқымды парад 3 бөлімнен тұрды. Алғашқы кезеңде жаяу әскер саптық адыммен жүріп өтсе. Екінші бөлімде арнайы операциялар күштері, десанттық шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскерлері және әскери полиция, бітімгерлік бөлімше, әскери қызметші әйелдер қорабы, аумақтық қорғаныс және әскери оқу орындары ұсынған топ. Соңғы бөлімде Астана аспанында әуе күштерінің әлеуеті паш етілді. 66 ұшу аппараты елорда көгінде авиациялық шоу ұйымдастырды.

Петропавлдағы бас алаңға жиналғандар әскери шеруді көріп, мерекемен құттықтады.

Парад соңында 300 музыканттан құралған жиынтық әскери оркестрдың дефилесі өтті. Биылғы әскери шеру еліміздің әскер тарихында алғаш рет Қазақстандық композиторлардың марш әуенімен өтті.