Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Это, девушки, война» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылым Тарас Дроздың пьесасы негізінде сахналанған. Спектакль Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Отан соғысы жылдары мыңдаған жас қыз өз еркімен майданға аттанып, ерлермен қатар соғысып, Отан үшін жанын берген, жаумен соңғы демі қалғанша шайқасқан. Кейбірі тіпті жасын үлкейтіп көрсетіп, алдыңғы шепке өтуге тырысқан. Театр сахнасында соғыстағы әйел тақырыбында қойылған спектакльде шағын үйшікте 4 қыз радио байланыс қызметін қамтамасыз етеді. Олар қан майданнан хабар қабылдайды. Қыздардың рөлін театрдың белді актрисалары сомдап шықты.
СНХР: ТИМУР КӘРІМЖАНОВ – Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ
Қойылымдағы ең ерекше образ ол Отан-ана бейнесі. Оны театр актрисасы Ирина Полещук сомдады. Оның кейіпкері – соғыс жылдарындағы барлық әйелдердің жинақталған бейнесі: қайсар, төзімді, жүрегі жаралы болса да, жеңіске сенімі берік әйелдер.
СНХР: ИРИНА ПОЛЕЩУК – Н. ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ
«Это, девушки, война» спектакілі соғыс жылдарындағы әйелдердің ерлігі мен қайсарлығын, өмір сүруге және өмірді сүюге деген ұмтылысын еске салған тағылымды қойылым болды.