Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде дәстүрлі көрме ашылды. «Шабыт сәттері» – бұл суретшілер үшін өз шығармашылығымен көпшілікпен бөлісу мүмкіндігі.
«Шабыт сәттері» көрмесінде қала суретшілерінің туындылары ұсынылды. Түрлі стиль, техника мен тақырып – осының бәрі әрбір автордың еркін өзін-өзі көрсетуіне жол ашады. Картиналарда табиғат, қаланың қарбалас тіршілігі, саяхаттар мен ішкі толғаныстар көрініс табады.
СНХР: ЛЮДМИЛА ГАТЫЧ, Е. СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ - ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КЕШЕНІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Әрбір өнер туындысы – ерекше бір сәттің жемісі. Ол – сезімнің жарқ еткені, көрген әсерден туған ой, шабыттың шарықтаған кезі. Дәл осы сәттер суретшінің шығармашылық жолының бастауы бола алады. Суретші Кристина Федорова сурет салуға бала кезден әуестенген. Қазір бұл оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Ол сурет салып қана қоймай, басқаларға да үйретеді.
СНХР: КРИСТИНА ФЕДОРОВА, СУРЕТШІ
Көрмеде жергілікті суретшілердің 27 жұмысы қойылған. Олар кескіндеме, графика және цифрлық өнер техникасында орындалған.