Қызылжар ауданының Тепличное ауылында адамдарды эвакуациялау басталды. Құтқарушылар алдын алу әңгімелерін жүргізіп, тұрғындарға үйлерінен кетуді ұсынып жатыр.

Көлікпен тасымалдауға мұқтаждар үшін арнайы техника мен жедел жәрдем қызметі қарастырылған. Тұрғындар Бескөлдегі №2 мектеп пен Петропавл қаласындағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақханаға уақытша орналастырылады. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеуде. Тұрғындардан сабыр сақтап, нұсқауларды орындау сұралады. Бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Бөгетті нығайтуға 1400 адам жұмылдырылған. Қосымша күштер Ақмола және Қостанай облыстарынан, Астана қаласынан тартылған. Айта кету керек, Петропавл және Қызылжар аудандары аумағындағы Есіл өзенінің су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Егер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, құтқарушылар эвакуацияны мәжбүрлі түрде жүзеге асырады.

СНХ: ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ