Солтүстік Қазақстан облыстық Әдістемелік орталығының базасында ҚР-сы бойынша Жобалық кеңсе әдіскерлері үшін қысқа мерзімді көшпелі тағылымдама басталды. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген білім саласының әдіскерлері тәжірибе алмасу үшін жиналды. Үш күн бойы олар мақсатты мектептермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін меңгеріп, СҚО-ның табысты жобаларымен танысады. 

Іс-шара мақсаты – мақсатты мектептермен жұмыс істеу тәжірибесін нығайту, әдіскерлер мен жобалық кеңсе жетекшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Биыл маусым айынан бастап облыста ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» республикалық жобасы жүзеге асырылуда.

СХНР: ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА — СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Бірінші күні пленарлық отырысқа облыстық білім басқармасы, Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшылары, мақсатты мектептердің директорлары мен әдіскерлер қатысты. Алдағы үш күнде қонақтар өңіріміздегі сапалы білім беру тәжірибесімен танысады. 29 сәуірде Петропавл қаласындағы №2 және №20 орта мектептер мен Қызылжар ауданы Новоникольское ауылындағы Геннади Зенченко атындағы орта мектепте ашық алаңдар жұмыс істейді. Онда мектеп менторлары мен директорлары өз тәжірибелерімен бөліседі.

СНХР: АЙДАР АЛЛАЖАРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕМЕНТІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Бұл іс-шара әдіскерлердің кәсіби өсуіне, мақсатты мектептермен жұмыс істеу әдістемелерін біріздендіруге және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.