Өңірде ҚР Тұңғыш Президенті саябағында кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясына сібір шыршалары отырғызылды. Іс-шара кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 120 жыл және Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған.
СНХ: ӘСЕМ КЕНЖЕБОЛАТОВА, ТІЛШІ:
- СҚО-да 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясы ашылды. Жыл сайын мұнда көктемде көшет отырғызу дәстүрге айналған. Биыл да бұл бастама жалғасын тапты.
28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Игі іс-шараға түрлі кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. ҚР Тұңғыш Президенті саябағының аллеясына 10 сібір шыршасы отырғызылды.
СНХР: ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Биыл Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 120 жыл. Бүгінгі таңда аллеяда 120 шырша жайқалып өсіп тұр.
Бұл аллея – ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың, ардагерлерге деген құрметтің және табиғатты аялаудың жарқын үлгісі болып табылады.