Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде экономикалық қылмыстарға қатысты брифинг өтті. Бұл – салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру, субсидия алу саласындағы алаяқтық және басқа да құқық бұзушылықтар.

2025 жылдың бірінші тоқсанында облыстық Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде 47 іс болды. Оның 11-і аяқталып, сотқа жіберілді. Аяқталған істер бойынша анықталған шығын көлемі 271 млн теңгені құрады, ал өтелген сома – 46 млн теңге. Қазіргі уақытта өндірісте 55 қылмыстық іс бар, олардың аясында шамамен 600 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды. Экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидалары, заңсыз кәсіпкерлік және салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстармен күресті жалғастыруда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

СНХР: ҚАЙРАТ НҰРАХМЕТОВ, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ