Биыл тәжік -ауған шекарасында болған қарулы қақтығысқа 30 жыл. Ауғанстан жеріндегі қан майданға қатысқан Кеңес әскері қатарында қазақстандық жауынгерлер де көп болды. Солардың бірі – Халит Тюменов. Ол 1984-1987 жылдары Ауғанстанда интернационалдық міндетін орындап, нағыз жауынгерлік ерліктің үлгісін көрсетті.

Бүгінде Халит Тюменов – бейбіт өмірдің қадірін жақсы білетін, жас ұрпаққа үлгі болар ардагер. Әкесі – Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан даласында ерлік көрсетсе, анасы тылда аянбай еңбек етті. Ал өзі ауған жерінде аға жедел уәкіл қызметін атқарды.

СНХ: ХАЛИТ ТЮМЕНЕВ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ


Халит Тюменов Кундуз провинциясындағы Пулихумрий елді мекенінің аумағында орналасқан 395-ші мотоатқыштар полкінде қызметте болды. Онда ол жүктерді шығарып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп және жедел сұрақтарды шешіп отырған.


СНХ: ХАЛИТ ТЮМЕНЕВ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ


Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті ардагері» атағын алған 2 ақ жан бар. Соның бірі - Халит Фаритұлы. Сондай-ақ, ол «Қызыл жұлдыз» ордені және «Ауған халқының құрметті интернационалист жауынгері» медалінің иегері.