Ішкі істер министрлігі 2025 жылды "құқық бұзушылықтың алдын алу жылы" деп жариялады. Елімізде «Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру үшін 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республика аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы орайда, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері іс-шараны өткізу барысымен және 2 апта ішіндегі жұмыстардың қорытындысымен бөлісті.

Биыл 3 айдың қорытындысы бойынша полицейлер балалар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды 20 пайызға дейін азайтуға қол жеткізген.

СНХ: ГАУХАР РАМАЗАНОВА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ


«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полиция бөлімшесіне 236 бала жеткізіліп, 11 жасөспірім бейімделу орталығына орналастырылды. Сондай-ақ, мамандар 352 әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алған. Оның ішінде, 204 бала заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

СНХ: НАРЛАН ЖҰМАБАЕВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары мектептерде 400-ден астам дәріс өткізген. Айта кетейік, «Жасөсіпірім» жедел профилактикалық іс-шарасы 6 мамырға дейін жалғасады.