Петропавлда еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Еңбек мобильділігі орталығы мен қалалық мансап орталығы бірлесіп ұйымдастырды. 

Мақсат – халықты кеңінен қамтып, жұмыс іздеушілерге нақты ұсыныстар беру, әрі жұмыс берушілер мен азаматтарды тікелей байланыстыру. Жәрмеңкеге 25-тен астам жұмыс беруші қатысып, өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды.

СНХР: БОТАГӨЗ ОРАЗБАЕВА, «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жәрмеңкеге Төтенше жағдайлар департаменті де қатысты. Олар азаматтарды өрт сөндіруші-құтқарушы және жүргізуші қызметтеріне жұмысқа шақырып отыр. Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндігі туралы ақпарат та берілді.

СНХР: РУСЛАН НҰРТАЗИН – СҚО ТЖД КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Жәрмеңкеде жастардың белсенділігі жоғары. Айталық, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің 4 курс студенті Сергей Сонич болашақта механик болуды армандайды.

СНХР: СЕРГЕЙ СОНИЧ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ


Жыл басынан бері өңірде 1500-ге жуық азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан. Бұл жәрмеңке жұмыссыз жүрген азаматтарға үлкен мүмкіндік.