«Қауіпсіз жол» – ортақ іс: Солтүстік Қазақстан облысында трассалар мен көшелердегі құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. 19 сәуірден басталған профилактикалық шара аясында мас күйінде көлік тізгіндеген 27 жүргізуші ұсталды. Мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 103 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың бесеуінде адамдар мерт болып, тағы 145 азамат түрлі жарақат алған. «Қауіпсіз жол» акциясының мақсаты – жолдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара 19 мамырға дейін жалғасады.

СНХР: ГАУҺАР РАМАЗАНОВА – СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ


Патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар күнделікті рейдке шығады. Негізгі міндет – ескерту, түсіндіру және қайғылы оқиғалардың алдын алу. Бес күн ішінде мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды. Жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік басқаруына тыйым салынды. Мас күйінде көлік тізгіндеген 27 жүргізуші ұсталды.

Ауа райы жылынуымен көшелер мен аулаларда жаяу жүргіншілер, соның ішінде балалар саны арта түсуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге мектеп маңында, жаяу жүргінші өткелдерінде және тұрғын аумақтарында аса мұқият болуды ескертеді. Жаяу жүргіншілермен де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдын алу шараларын күшейту үшін интеллектуалды жүйелер, бейнекамералар және техникалық бақылау құралдары қолданылады.