Соңғы жылдары ұлттық киімнің маңызы жаңаша сипатқа ие болды. Заман талабына сай тігіліп, күнделікті киюге ыңғайлы ұлттық киімдерге деген сұраныс та айтарлықтай арта түскен. Қазақы заманауи бренд қалыптастыру – бүгінде жақсы дәстүрге айналған оң үрдіс. Осы орайда, Петропавлда этностильлдегі дизайнерлік киімдерді ұсынатын «Samga» сән үйі өз жұмысын бастады.
«Дәстүрлі Самға» — соңғы бес жыл ішінде қазақ мәдениетін би, театрландырылған қойылымдар және салт-дәстүрлер көрсетілімдері арқылы насихаттап келе жатқан шығармашылық бірлестік. Енді сол бірлестіктің аясында салт пен заман талабын ұштастыратын сән үйі ашылды. Мұнда ұлттық киім саласының үздік дизайнерлері өз туындыларын ұсынатын болады.
СНХ: АНАР ӘБДІРАХМАНОВА, «ДӘСТҮРЛІ САМҒА» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қазіргі таңда сән үйінде 150-ден астам ұлттық нақыштағы той көйлектері бар. Мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған. «Дәстүрлі самға» шығармашылық ұжымының жетекшісі Анар Әбдірахманованың айтуынша, негізгі мақсат - ұлттық киімдерді жаңа қырынан көрсетіп, отандық қолөнердің байлығымен кең аудиторияны таныстыру.
СНХ: ЗАРИНА АҚМАҒАМБЕТОВА – АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ
Дизайнерлік көйлектердің дефилесі қазақ әйелінің жас өспірімдік кезеңінен бастап, кемелденген шағына дейінгі өмір жолын көрсетті. Авторлық көйлектер топтамасы ұлттық өрнектер мен түрлі кестелерге бай.