Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл жолы еріктілер Петропавл қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында сенбілік өткізді. Акцияға мектеп оқушылары, студенттер және түрлі ұйымдардың өкілдері де атсалысты.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – акцияның басты мақсаты. «Таза Қазақстан» былтыр көктемде басталған еді. Ел Президентінің айтуынша, бұл бастама бір реттік емес, өмір салтымызға айналуы тиіс.

СНХР: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ


Алдағы уақытта еріктілер көгалдандыру, ескерткіш маңдарын тазалау сынды экологиялық іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.