Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы биылғы жылы да жалғасын табуда. Бұл шара тек ірі қалаларда ғана емес сонымен қатар шалғай елді мекендер дее жүзеге асырылып жатыр. Абаттандыру үш айлығы шеңберінде Ақжар ауданының өзінде үш мыңнан аса пирамидальды терек пен осыншама шырша көшеттерін отырғызу жұмыстары басталып кетті. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан тілшіміз Самат Есмағи айтып берсін.

"Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты - халықтың назарын табиғаттың ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл жұмыстар Ақжар ауданында да кеңінен қолдау тауып, ондағы 24 ауылдың барлығында көшеттер отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СНХ: РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ -АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Аудан көлемінде абаттандыру үш айлығы басталғалы бері бірнеше бейсенбілік пен сенбіліктер өткізіліп оның барысында қыстан қалған қыруар күл-қоқыс жиылып полигонға шығарылған. Қазіргі күні әр ауылдық округтерде жас көшеттер отырғызылып демалыс алаңдары бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар аудан бойынша таза ауыл, таза көше, таза аула байқауы да жарияланған. Мақсат ел Президенті міндеттеген экологиялық мәдениетті дамыту.

СНХ: РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ -АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Бұл жолғы экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер,жастар ресурстық орталығы өкілдері мен еріктілерден құралған 30-ға тарта адам қатысты. Олардың арасында сәуірдің 21 елордамыз Астанада Президенттің қатысуымен өткен Таза Қазақстан республикалық акциясына қатысып келгендер де бар.

СНХ: АЙНА МАҚЫШЕВА – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Елді мекендердің тазалығы, бұл қоршаған ортаның тазалығы. Ал таза экология бұл денсаулықтың кепілі. Таза Қазақстан акциясындағы көзделген негізгі мақсат та осы.