Биыл қазақ әдебиетінің классигі, академик – жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл. Осыған орай, облыстық кітапханада «Сәбит Мұқанов тағылымы» атты іс-шара өтті. Оған өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, жазушының туыстары, жерлестері және студенттер мен оқушылар қатысты.
Петропавлдағы облыстық кітапхананың салынуы Сәбит Мұқановтың есімімен тығыз байланысты. Жазушы 1968 жылы өзінің «Өмір мектебі» романының басылымынан түскен қаламақысын және осы роман-трилогия үшін берілген Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың бір бөлігін облыс орталығындағы жаңа кітапхана ғимаратының құрылысына жұмсаған. «Сәбит тағылымы» атты іс-шарада қатысушылар академиктің өмір жолымен жақынырақ танысты. Ал, облыстық қазақ сазды-драма театрының актері Нұрхан Салауатов жазушының бейнесінде «Мен кіммін деп мақтанамын?» атты өлеңін оқыды.
СНХ: НҰРХАН САЛАУАТОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ
Өңірімізге белгілі күйші Серікбай Құсайынов Сәбит Мұқановтың жерлесі болған. Ол жазушы туралы өз естеліктерімен бөлісті.
СНХ: СЕРІКБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, КҮЙШІ
Сәбит Мұқанов тағылымы» атты іс-шараға оқушылар да қатысып, жазушының өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ, жиналғандар әдеби-мемориалдық бөлмеге саяхат жасап, «тағдырлы жазушы» атты кітап көрмесін тамашалады.