Отан Қорғаушылар күні қарсаңында жас ұрпаққа патриоттық рух беріп, елге қызмет етудің мәнін ұғындырып жүрген азаматтарға ерекше құрмет көрсетіледі. Солардың бірі-отставкадағы полковник, Ұлттық ұлан академиясының ардагері Виктор Сироткин.
2002 жылы Ұлттық ұлан академиясындағы курсанттардың бірі жауынгерлік дайындық бойынша өткен практикалық сабақ кезінде жауынгерлік гранатаны дұрыс лақтыра алмай, жарылғыш зат қайтадан окоптың ішіне түсіп кеткен. Жарылуына санаулы ғана секундтар қалған кезде Виктор Павлович курсантты өз денесімен жауып, өмірін аман қалып қалған.
СНХР: ВИКТОР СИРОТКИН - ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Бұл оқиғадан кейін курсант аман қалды. Алайда жарылыс салдарынан офицер бірнеше дене жарақатын алды. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Виктор Сироткин «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградамен марапатталды. Бүгінде ардагер Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжде бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Ол жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, елін сүйетін азаматтарды тәрбиелеуді жалғастырып келеді.
СНХР: ВИКТОР СИРОТКИН - ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Ол өз шәкірттері үшін — абырой, борыш және Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның ерлігі — кітаптан алынған оқиға емес, өмірдің өзінен алынған шынайы тарих. Дәл осындай оқиғалар жас ұрпақтың әскери қызметке деген құрметін қалыптастырып, арамызда шын батырлардың бар екенін көрсетеді.