Биыл Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтпек. Осыған еліміздің жер жерінде соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды акция бастау алған болатын. Игілігі мол істен Ақжар ауданы халқы да шет қалған жоқ. Онда да майданда шейіт болған батырларымыздың құрметіне қойылған үлкенді -кішілі ескерткіштер қалыпқа келтіріліп, сырланып-қырланып жатыр. Сондай-ақ жаңаларына арнайы тұғырлар дайындалуда. Себебі аталмыш ауданға биыл қорғаныс министірлігі, мұражайлық экспонат ретінде 9 зеңбірек бөлген. Олардың барлығы 7 мамырға дейін аудан орталығы мен ауылдық округтердегі ескерткіштер жанына қойылатын болады.
Биыл ұлы Жеңіске 80 жыл. 9-шы мамар – әрбір ел азаматының жүрегінен ерекше орын алатын мереке. Өйткені бұл соғыс барлық отбасының тарихында өз ізін қалдырғаны анық. Маңызды оқиға қарсаңында республика бойынша Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштер қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл жұмыстардан Ақжар ауданына қарасты Восход ауылдық округі халқы да қалыс қалып отырған жоқ. Ауданға әкелінетін 9 зеңбіректің біреуі осы жердегі ескерткіш жанына қойылмақ. Қазір оның тұғыры дайын.
СНХ: РАСУЛ ҚАБДРАХМАНОВ – ВОСХОД АУЫЛДЫҚ ОКРІГІНІҢ ӘКІМІ
Көшені күл-қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу секілді абаттандыру жұмыстары ауылдағы әр көшеге жүрігілген. Бірер күнде 150 түп жас көшеттер отырғызалады. Оның дені терек пен шырша. Абаттандыру жұмыстары аудан көлеміндегі барлық ауылдарда жүргізілуде.
СНХ: РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ – АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ескерткіштер мен мемориалдарды ретке келтіру, Отан үшін жанын қиған ерлерге деген құрмет пен тағзым. Сондықтан өскелең ұрпаққа үлгі болар бұл жұмыстар тек аталмыш даталарда ғана емес, үнемі басты назарда болуы шарт.