М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да «Janyndamyn» жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба университет студенттері арасында суицидтік жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Жоба өз бастауын 2022 жылдың қыркүйек айында оқу орнында «Студенттердің психологиялық клубы» құрылған кезден алады.
Жалғыз әрі ерекше «Janyndamyn» жобасы тығырықтан шығар жол әрқашан бар екенін көрсетеді. Суицидтің алдын алу жұмысы қоғамның барлық саласын қамтуы тиіс.
СНХ: КАМИЛА ЖАМҰҚАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ
Университеттің барлық мамандықтары мен факультеттерінің 40 ерікті студенті оқытылды. Оқыту барысында балалар аутодеструктивті мінез-құлық, клиникалық психология, психиатрия, салауатты өмір салтын қалыптастыру және театр психологиясы бойынша базалық білім алды.
СНХ: АЛИМА НҰРМҰҚАН, ВОЛОНТЕР
Өкінішке қарай, елде суицидке қатысты жағдай өткір тұр,- дейді мамандар. Сол себепті жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу маңызды.
СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ ЫСҚАҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ұйымдастырушылар мен серіктестер мұндай суицидтің алдын алуға бағытталған жоба еліміздің әрбір жоғары оқу орнында іске асады деп үміттенеді.