Негізгі Жаңалықтар «Табиғаттың ғажайып келбеті»

«Табиғаттың ғажайып келбеті»

Петропавлда жастарға арналған экологиялық бағыттағы ерекше кездесу өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Табиғаттың ғажайып келбеті» атты диалог жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған елдің табиғи байлығын танытуға бағытталды.

КСМ: Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада өткен бұл іс- шараға Петропавл қаласының колледж студенттері мен Қозыбаев университетінің магистранттары қатысты. Экологиялық диалог форматында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты — жастарды еліміздің табиғатына қамқор болуға шақыру.

СНХР: НҰРЗАТ ӘЛЖАНОВА, ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТТЕРІ БӨЛІМІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ


Іс-шара барысында қатысушылар түрлі слайдтар арқылы еліміздің таңғажайып табиғат аймақтарымен танысып, экологиялық мәселелерді талқылады. Спикерлер қатарында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің география және экология кафедрасының 3 курс студенті Залина Нысанова да бар. Ол табиғатты қорғаудың маңыздылығы жайында баяндама жасап, жастарды табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыруға шақырды.

СНХР: ЗАЛИНА НЫСАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ


Кездесу соңында ең белсенді қатысушылар марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Бұл — жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.


Бөлісу