Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Біз тұратын үй» атты экологиялық экскурсия өтті. Іс-шара Дүниежүзілік Жер және Ұлттық кітап күндері мен «Таза Қазақстан» акциясына орай ұйымдастырылды.
Биыл елімізде ұлттық кітап күні алғаш рет аталып отыр. Бұл бастама Мемлекет басышысының ұсынысы бойынша енгізілді. Мерекенің мақсаты – жастар арасында оқу мәдениетін арттыру және әдебиетке қызығушылықты күшейту. Ал Жер күні іс-шарасы – табиғатқа ұқыпты қарау мен қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті еске салады.
СНХ: ДАМИР ӘБДИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қатысушылар тақырыптық викторинада білімдерін сынады. Олар сөзжұмбақ шешіп, мақал-мәтелдерді толықтырып, сөйлемдерден қате іздеді. Басты мақсат – тек білім беру ғана емес, оқушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу.
СНХ: ӘЛЬФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Жиын соңында викторина қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен тәттілер табыс етілді.