Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы Ерембек Әубәкіров 87 жасында дүниеден өтті. 1994 жылдың сәуірінде өткен алғашқы сессияда Ерембек Жәмшітұлы облыстық мәслихаттың бірінші шақырылымының хатшысы болып сайланды. Кейін ол екінші және үшінші шақырылымдарды да басқарды. 90-жылдардың ортасы – ел үшін қиын кезең болды. Экономикалық және әлеуметтік қиындықтар жағдайында депутаттар атқарушы билікпен бірлесіп, өңір тағдырына әсер ететін маңызды шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Ерембек Әубәкіровтің жарқын бейнесі, оны жеке таныған және бірге жұмыс істеген жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Облыстық мәслихат өкілдері мен «Qyzyljar» телеарнасының ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
СНХ: ЕРЕМБЕК ӘУБӘКІРОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ