Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Бір ай бойы құқық қорғау органдарының өкілдері колледждер мен мектептерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың салдары туралы ескертіп, алдын алу мақсатында әңгімелер өткізеді.

10 сәуір мен 6 мамыр аралығындағы «Жасөспірім» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Петропавл қаласының полицейлері мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыруға прокуратура өкілдері, педагогтер және қоғамдық ұйымдар да қатысады. Мақсат — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау. Бүгінгі кездесу СҚО олимпиадалық резервінің мектеп-интернат-колледжінде өтті. Жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау маңызды екені ескертіліп, қоғамның негізгі қағидалары туралы айтылды. Оқушылар белсенді түрде диалогқа қатысып, өз ойларын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

СНХ: ДАРХАН ҚАБЫЛБЕКОВ,СТУДЕНТ


Жиында өңір полицейлері кибербуллингтен бастап есірткі қолдануға дейінгі жасөспірімдер арасындағы ең жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталды.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЕСРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ


Кездесуге 80-ге жуық оқушысы қатысты. Жиын жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.