Президент бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі екендігін әр Жолдауында жиі айтады. Сондықтан да елімізде сапортты дамыту мақсатында балаларды арнайы спорттық үйірмемен қамту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Балалар мен бұқаралық спорттың дамуы ел азаматтарының өмір сапасына тікелей әсер етеді, ұлт саулығын нығайтып, болашақ чемпиондардың әлеуетін қалыптастырады. Солтүстік Қазақстан облысында саламатты өмір салтын насихаттау, спорт инфрақұрылымын дамыту және қажетті жағдай жасау тұрақты түрде жүргізілуде.
2024 жылы Қазақстанда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 74 жаңа спорт нысаны салынды. Елімізде 240 мыңнан астам бала 7,5 мың спорт секциясына тегін қатысады. Биыл да бұл көрсеткіш арта түседі деп күтіледі. 300 мыңнан астам бала 10 мың секцияда спортпен тегін айналысатын болады. Өңірімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Әсіресе балалардың спортқа қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінуде.
СНХР: ӘДІЛХАН САҒЫНДЫҚОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2024 жылы өңірде 36 жаңа спорт нысаны салынып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жабық хоккей корттары, шағын-футбол алаңдары мен спорт алаңдары бар. Нәтижесінде өңірдің спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 53,8%-дан 57,3%-ға дейін артты.
СНХ: ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВ, ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Солтүстікқазақстандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары 2024 жылы халықаралық және республикалық жарыстарда 414 медаль жеңіп алды, сондай-ақ облыстық чемпионаттарда мыңға жуық медаль иеленді. Спорттық медицина дәрігері Жұлдыз Хасенова баланың спортпен ерте жастан айналысуының маңыздылығын айтып берді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ХАСЕНОВА, СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНА ДӘРІГЕРІ
Балалар спортын дамыту — елдің болашақ спорт элитасын қалыптастырумен қатар, физикалық және психикалық тұрғыдан дені сау жастарды тәрбиелеудің тиімді жолы. Спортпен тұрақты шұғылдану иммунитетті күшейтеді, төзімділікті арттырады, қозғалыс үйлесімділігін дамытады, күйзеліс жағдайына төтеп беру мен зейінді шоғырландыру қабілетін жақсартады.