Биыл облыстық «Қызылжар» телеарнасыны өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Атаулы мерекеге орай бірқатар іс-шара жоспарланған. Оның ішінде, қайырымдылық акциялары да бар. Осыған орай, телеарна қызметкерлері отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, тәрбиеленушілерге сыйлық беріп, қуаныш сыйлады.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ата – ана қамқорлығынсыз қалған 35 бала тұрады. «Қызылжар» телеарнасының қызметкерлері балаларға сыйлық апарып, олардың көңіл – күйін көтеріп, керемет эмоция сыйлады.
СНХ: РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ

Балалар ауылы аумағында барлығы 6 үй бар. Олардың әрқайсысында балалар мен арнайы тәрбиешілер 1 шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Ол үйлердің бірінде - студенттер тұрады. Кездесу барысында ұл – қыздар телевизияның қоғамдағы рөлі мен дамуы жайлы пікір алмасты.
СНХ: ҒАЛИЯ ІЛИЯСОВА, ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Айта кетейік, отбасылық үлгідегі балалар ауылы 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді.