Құтқару қызметі Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Арнайы іс-шараға 11 техника мен 30-ға жуық адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жиыны арқылы қызметкерлер шеберліктерін шыңдаса, тұрғындар төтенше жағдай кезінде қандай амал қолдану керектігін меңгерді.
Қазақ сазды-дарама театарында дабыл қағылды. Сағат таңғы 11:00 де жертөле қабатының техникалық бөлмесінен өрт шығып, қою түтін басқан. Қызметкерлер ширақ қимылдап, отты ауыздықтауға кірісті. Құтқарушылар ғимарат ішіндегі қызметкерлерді сыртқа шығарды. Бұл алдын ала әзірленген сценарий негізінде жасалған кезекті оқу-жаттығу жиыны.
СНХ: ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі оқу-жаттығу жиынында құтқарушылар оқиға орнына 11-ден 9 кеткенде жетіп, 11 –ден 40 кеткенде тілсіз жауды сөндірген. Отты ауыздықтау үшін құтқарушылар нысанның шатырына 55 метрлік баспалдақпен көтерілді. Барлығы 100 шақты адам эвакуацияланды.
Оқу-жаттығу барысында өрт сөндірушілер дағдыларын жетілдіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дайындықты арттыру мұндай іс-шаралар аймақтағы басқа мәдениет мекемелерінде де өткізілетін болады.