Енді отандық әндер Instagram мен Facebook платформаларында қайта қолжетімді. Әділет министрлігінің мұрындық болуымен «Қазақстандық авторлық қоғам» мен Meta компаниясы арасында екі жылдық жаңа келісімге қол қойылды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында айтылды. Былтыр қарашада келісім мерзімі аяқталғандықтан отандық әндер әлеуметтік желі қолданушыларына қолжетімсіз болған еді.
СНХ: ТАЛҒАТ УӘЛИ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ