Қызылжар ауданы Бескөл ауылында «Үздік ауылдық мәдениет мекемесі - 2025» облыстық байқауы өтті. «Туған жер – бірлік пен елдіктің бесігі» атты іс-шараға аудандағы барлық мәдениет үйінің әнші, бишілері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Көркемөнерпаздар байқауы атаулы даталарға орай ұйымдастырылған.

Бұл іс-шара негізінен ҚХА-ның 30 жылдығына, Жеңістің 80 жылдығына және Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқановтың мерейтойларына арналған. Көркемөнерпаздар сайысы басталмас бұрын қазылар алқасын кіре берісте ән айтып, шашу шашып қарсы алды. Кейін жергілікті этнос өкілдерінің дастарханы және салт-дәстүрлері мен танысты.

СНХ: АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Түрлі этномәдени бірлестіктер көрмеге өздерінің ұлттық тағамдарын да қойған. Қазылар алқасы дәмнен ауыз тиді.

СНХ: МАРИНА ГРЯЗНОВА, БОГОЛЮБОВА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Соғыс жылдарындағы кездер сахналанып, ақын жазушылардың өлеңдері оқылды. Кейін ұл-қыздар домбыра, қобыз тартып өз өнерлерін ортаға салды.