С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстандағы Ғылым күніне орай «Жас зерттеушілер: ғылым жайлы диалог» атты интерактивті кездесу өтті. Іс-шараға облыстың түрлі аудандарынан келген «Зерде» республикалық байқауы мен «Бастау» олимпиадасының жүлдегері атанған 20 жас зерттеуші қатысты.
Оқушылар медицина, білім, экология және инженерия салалары бойынша өз жобаларын таныстырды. Әрбір жұмыс – оқушының ізденісі мен ұстаздарының қолдауының нәтижесі. Республикалық «Зерде» байқауында 2-орын иеленген Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 4-сынып оқушылары ұлттық мұрамыздың бір бөлігі саналатын асық ойыны туралы қызықты зерттеу жұмысын ұсынды.
СНХР: ЖАСМИН СЕРІК, С. ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ 4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
СНХР: ЕРНАР АҚТАЙ, С. ШӘЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ 4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Іс-шара барысында қатысушыларға облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова ізгі тілегін жеткізіп, жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, оларды қолдау маңызды екенін атап өтті.
СНХР: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айта кетейік, биыл Республикалық «Зерде» байқауының өткізіліп келе жатқанына 30 жыл толып отыр.