Жеңіс күні қарсаңында Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының мүшелері «Естеліктер жолымен» атты акция өткізіп жатыр. Іс-шара аясында волонтерлер ескерткіштердің айналасын қоқыстан тазартты.

Облыс орталығында «Естеліктер жолымен» атты акция жыл сайын ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың тарихи мұраға деген құрметін арттыруға көмектеседі.

СНХ: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Акцияға барлығы 25 волонтер қатысты. Олар ескерткіштің жан-жағын қоқыстан тазартып, шөбін жұлды. Жандәулет Тоқсанбаев осындай іс-шараларға әрдайым белсене қатысады.

СНХ: ЖАНДӘУЛЕТ ТОҚСАНБАЕВ, ВОЛОНТЕР


Айта кетейік, волонтерлер жыл басынан бері 12-ден астам ескерткіштің маңайын тазалау жұмыстарына қатысқан.