Университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруға тиіс. Ғылым күні қарсаңында еліміздің жетекші ғалымдарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қазір жоғарғы оқу орындары ғылымнан гөрі маман даярлау ісіне басымдық береді. Білім мекемелері бұл екеуін қатар алып жүруі тиіс. Ғылым – стратегиялық маңызы бар сала. Соңғы жылдары бұл бағытқа бөлінетін қаржы 3,5 есе артып, жас зерттеушілерге қолдау күшейді. Қазір елімізде 25 мыңнан астам ғалым болса, олардың жартысы – 40 жасқа толмаған мамандар. Жастарды ғылымға тарту жұмысын жалғастыра береміз, - деді Президент.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ