Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс көптеген елдердің экономикасының әсерін тигізіп жатыр. Осы ретте Қазақстан президенті Үкіметке дағдарысқа қарсы жоспар құруды тапсырды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстың өнеркәсіп саласының дамуын қадағалау үшін жергілікті кәсіпорындарды аралады. Солардың қатарында, «Зиксто» зауыты да бар. Биыл мұнда 1100 теміржол платформасы іске қосылады және 100 жаңа жұмыс орны құрылады.

«Зиксто» зауыты бүгінде теміржол жабдықтарын, оның ішінде платформа вагондарын шығарады. Өткен жылы кәсіпорында 21 млрд теңгенің өнімі жасалды. Зауытқа келген өңір жетекшісі көрші мемлекеттердегі оқиғалар облыс өнеркәсібіне әсер етпейтінің атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Біздің завоттарымыз Ресей және Украина мемлекеттерінде орналасқан зауыттармен қарым-қатынасы тығыз. Көп жабдықтарды біз олардан аламыз немесе оларға береміз. Қиын жағдайға қарамастан біздің зауыттырамыздың осы жылға тапсырыс көлемі 65 млрд теңгеге дейін жету жоспарланып отыр. Ол 12 процентке 21жылмен салыстырсақ көп. Жалпы өндіріс саласында біз 2022-шы жылы 410 млрд өнім шығарамыз деп жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі күні «Зиксто» зауытында 350 адам еңбектенеді. Рустам Ғабдуллин – учаске шебері. Кәсіпорында 8 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Маманның сөзінше бүгінгі күні жұмыстың барлығы автоматтандырылған, жұмысшыларға да жақсы жағдай жасалған.  

РУСТАМ ҒАБДУЛЛИН, УЧАСКЕ ШЕБЕРІ:

- Біздің заводымызда платформалар жасалынып жатыр. Бөлімшеде жұмыс атқарамын. Еңбекақым өзіме жеткілікті. Және де бұнда екі күн жұмыс істеп екі күн демаламыз.

  2020 жылы кәсіпорын 2000 платформа шығаруға үлкен келісімшартқа қол қойды, оның жартысына жуығы өткен жылы орындалды, қалғанын «Зиксто» зауыты биыл тапсырмақ. Өнім сомасы 250 млрдты құрайды. Оның 570 млн-ы салыққа жұмсалады.

РИНАТ ШАМСУТДИНОВ, «ЗИКСТО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Көрші мемлекеттердегі жағдайға байланысты біз 250 вагон жиынтығын сатып алдық, 3-4 айға жұмыс бар. Ресеймен де бізде ұзақ мерзімді келісімшарттар бар, барлығы штаттық режимде атқарылып жатыр.

 Кәсіпорын басшылығы өндірісті кеңейтіп, биыл 100 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.