23 наурыз күні көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, академик, қоғам қайраткері Евней Бөкетовтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Петропавлда ғалымның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның ғылым мен мәдениетке сіңірген еңбегі еске алынды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, М.Қозыбаев атындағы университеттің оқытушыларымен студенттері қатысты.
Халыққа Евней есімімен танылған ғалымның шын есімі – Ибн-Ғабидден. Бұл есім оның әкесіне деген құрметтен туған. Өз ғұмырын ғылымға арнаған ол еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясында бастап, химия саласында ірі жаңалықтар ашты. Сонымен қатар, әдебиет пен аударма ісіне де зор үлес қосты.
СНХР: ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР
Осы мұраны терең зерттеу мақсатында Манаш Қозыбаев университетінде ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми жобалар қолға алынды. Бұл бастамалар Бөкетовтың ғылымға қосқан үлесін жаңа қырынан танып, болашақ зерттеушілерге бағыт-бағдар болмақ.
СНХР: ЗӘУРЕ КАРТОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ТАРИХ, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫН КАНДИДАТЫ
Айта кетейік, Қарағанды қаласында ғалымның есімімен аталатын университет бар, ол бүгінде еліміздің жетекші оқу орындарының бірі.
Жанар Ибраева , Анатолий Белоног ЖҚ