Нұрқожа Қайпанов Иорданияда өтіп жатқан Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша, Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азияның үш дүркін чемпионы атанды.

«Нұрқожа 74 кг дейінгі олимпиадалық салмаққа ауысып, өзін жақсы қырынан көрстіп жатыр. Алдағы уақытта жоспарлары орындалып, олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғауға жазсын. Нұрқожа мен бапкерлерін, спорт сүйер қауымды алтын жүлдемен құттықтаймын. Жеңісті күндер алда болсын!», - деп жазды чемпионды құттықтаған өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.