Петропавлда «Ұстаз 2025» қалалық кәсіподақ спартакиадасы аяқталды. 3 күн бойы жергілікті мектептердің ұстаздары түрлі спорт түрлерінде сайысқа түсті. Жарыс Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектепте өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және корпоративтік рухты нығайту.

СНХ: СӘЛИМА МӘКІШОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Спартакиадаға қатысушылар волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дартс және арқан тартыс сияқты спорт түрлерінде сайысқа түсті. Нәтижесі бойынша үшінші орынды №26 мектеп-балабақшасы иеленді. Екінші орын – Абай атындағы қазақ гимназия мектебіне бұйырса, Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектебі-лицейі биыл тағы да жеңісті қолдан бермей, жеңімпаз атанды.

СНХ: НАТАЛЬЯ ЦЕЛУЙКО, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Айта кетейік, жеңімпаздар облыстық сайыста бақ сынайды.