«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Сергеев су қоймасында су деңгейі өзгермеген.

Мұндағы бөгеттің жотасынан асып төгілу деңгейі қазір 90 см. Қазір 116 пайызға толық. Шөптыкөл ауылы маңында Есіл өзеніндегі су деңгейі 105 см-ге көтерілді. Петропавл су қоймасындағы су деңгейі бүгінгі күні 794 см. Соңғы тәулікте ондағы су деңгейі 52 см-ге көтерілген. Су қоймаларындағы мұз еріп жатыр, ол жұқарып келеді, бұл су деңгейінің көтерілуіне әкелмек. Соның салдарынан жолдар, елді мекендер, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарын суы басу қауіпі бар.