Өңірдің 500 мың гектардан астам орман алқабын 600-ге жуық орманшы қорғайды. Олар өрттің алдын алып, жасыл желекті көбейтіп, жануарлар әлемін сақтауға үлес қосады. Облыстағы ірі орман шаруашылықтарының бірі – «Қызылжар», онда жүзге жуық маман еңбек етеді. Биыл елімізде Президенттің бастамасымен Жұмысшылар жылы жарияланды. Бұл – адал еңбектің мәртебесін көтеруге арналған қадам. Орманшылардың тынымсыз еңбегі – осының жарқын көрінісі.
Облысымызда 12 орман шаруашылығы бар. Олардың бірі – Петропавл қаласы маңындағы «Қызылжар» орман шаруашылығы. Мамандар орманды қорғап қана қоймай, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен көгалдандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Бұл салада тәжірибесі мол, өз ісіне жан-тәнімен берілген мамандар бар. Солардың бірі – Қайрат Қалықов. Ол 14 жылдан бері орман шаруашылығында қызмет етіп келеді.
СНХР: ҚАЙРАТ ҚАЛЫҚОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Тәжірибелі маман Әлік Мұрсәлім бұл салада 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, орманшылар үшін ең жауапты кезең – көктем. Өрт қаупінің алдын алу үшін мамандар әр ағашты, әр бұтаны бақылауға алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар қыс мезгілінде жабайы жануарларды қолдан азықтандырады. Орманды қорғау – жыл он екі айға созылатын жауапты жұмыс
СНХР: ӘЛІК МҰРСӘЛІМ, ОРМАНШЫ
Сонымен қатар, орманшылар тек өрттің алдын алып қана қоймай, орманды көркейту жұмыстарын да жүргізеді. Олар көктеммен бірге оралатын құстарға арнап ұялар жасап, ағаштарға орналастырады.
СНХР: ВЯЧЕСЛАВ САЛТЫКОВ, ОРМАНШЫ
Көктемде біз құстарға ұя жасап, оларды ағаштарға ілеміз. Бұл құстардың жаңа орынға қоныстанып, көбейіп, табиғи тепе-теңдікті сақтауына көмектеседі. Сонымен қатар, жануарларға азық дайындап, орманды зиянкестерден қорғаймыз. Орманшы үшін әр маусым маңызды.
Орманды сақтау тек оны қорғаумен шектелмейді, тазалығын қамтамасыз ету де – маңызды міндет. Өрттен зардап шеккен алқаптар алдымен тазартылады: жарамсыз ағаштар жиналып, қажетсіздері қауіпсіз жолмен жойылады, ал кәдеге асатындары отын ретінде пайдаланылады. Бұдан кейін бұл жерге жаңа көшеттер отырғызылып, табиғаттың қайта жандануына мүмкіндік беріледі.
СНХР: ҚАЙРАТ ҚАЛЫҚОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жасыл желегімізді молайтып, келер ұрпақтың кәдесіне жарату – орманшылардың басты ұстанымы.