«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, 28 наурыздағы жағдай бойынша, шағын өзендер - Бабықбұрлық, Аққанбұрлық, Мұқыр, Иманбұрлық, Шағалалы, Қамысақты өзендерінде су деңгейі түсіп келеді.

ЗКТ: Есіл өзені кей елді мекен маңында біршама көтерілген. Өткен бір тәулікте Новоникольское маңында 79 см-ге, Петропавл жанында 93 см, Долматово ауылы жанында 67 см деңгейі жоғарылағанымен, әзірге қауіп жоқ.

Ал Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан асып төгілуі 96 см, бұл кешегі күннен 1 см төмен. Корнеевка ауылындағы Үлкен Тораңғұл көлінде су деңгейі қауіпті деңгейден 7 см-ге асып, 372 см-ге жетті. Облыстың басқа су айдындарында жағдай тұрақты.