Петропавлда облыстық полиция департаменті жанындағы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Кеңестің құрамына қоғамның белсенді өкілдері қабылданды. Енді олар нашақорлықтың алдын-алу мәселелерін қарап, тиісті шешімдер қабылдайтын болады.

 Нашақорлық –қазіргі қоғамның қасіреті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында «нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде жаңа жоспар әзірлеуді тапсырды. Осы орайда, облыстық полиция департаменті жанынан нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес құрылды.

СНХ: АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫ

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішевтің айтуынша, азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы арқылы есірткінің заңсыз айналамының алдын алуға болады. Сондай-ақ, бұл жұмыс халық арасында түсінік қалыптастырумен қатар, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы арқылы нәтиже беретін болады.

СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Айта кету керек, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында өңірде "Солтүстік Қазақстан есірткісіз"жол картасы бекітілді. Ол 120 тармақтан тұрады. Осы бағдарлама аясында өткен жылы 400 іс-шара өткізілді.

СНХ: ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, СҚО ПД ЖАНЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 87 есірткі қылмысы анықталды.