С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Евней Бөкетовтың 100 жылдығына арналған ІС-ШАРА өтті. Жиында ғалымның ғылыми жаңалықтары, әдеби мұрасы мен азаматтық ұстанымы жан-жақты талқыланды.

Мемлекеттік сыйлық иегері, академик, ғалым Евней Бөкетовтің есімі Қарағанды қаласымен тығыз байланысты. Ол 1972 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарып, өңірде ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосты. Ғалымның жетекшілігімен 124 ғылым докторы мен 64 ғылым кандидаты даярланды. Сонымен қатар, ол көмірден бензин алу әдісін ойлап тауып, химия саласында жаңалық ашқан бірегей тұлға.

СНХР: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ – ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ


Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, Евней БөкетовТІҢ ОТБАСЫ ашаршылық жылдары Ресейге кетіп, кейін нағашыларының көмегімен қайта елге оралды.

СНХР:СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Евней Бөкетовтің ғылыми мұрасы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары бағаланды. Оның химия саласындағы 200-ден астам ғылыми еңбегі әлемдік ғылыми қауымдастықтың назарын аударып, халықаралық деңгейде танылды.