Биыл Жеңіске 80 жыл толады. Бұл – халықтың ерлігі мен бірлігін ұлықтайтын тарихи дата.
Қазақстан Жеңіске өлшеусіз үлес қосты: 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанды, олардың 600 мыңнан астамы қайта оралмады. Ержүрек жауынгерлер Сталинград шайқасы мен Берлин шабуылы сияқты шешуші ұрыстарда ерлік көрсетті. Ал тылдағы республика әскери өндіріс, азық-түлікпен қамтамасыз ету және эвакуацияланғандарды орналастыру ісінде сенімді тірек болды. 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық архиві Кеңес Одағының батыры атағын алған 55 жерлесіміз туралы құнды құжаттарға негізделген кітап шығарды.
СНХР: МЕРЕКЕ БАЙМҰҚАНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Кеңес Одағының белгілі батырларының қатарында жерлесіміз – Жалел Қизатов та бар. Жас лейтенант Днепр үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін ең жоғарғы марапат – Ленин ордені мен Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Демобилизациядан кейін ол туған жеріне оралып, Есіл және Мағжан Жұмабаев аудандарында партиялық, кеңестік және шаруашылық қызметтерде еңбек етті.
СНХР: МЕРЕКЕ БАЙМҰҚАНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жалел Қизатов бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның есімі Покровка ауыл шаруашылығы колледжіне берілген, сондай-ақ Петропавл қаласында оның атымен аталған көше бар.