Петропавл қалалық полиция басқармасының №12 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары «Кирпичный» шағынауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері мен «Коммунхоз Петропавл» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындардың қаңғырған иттерге қатысты өтініші ветеринарлық станцияға жолданды. Полиция қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік барын еске салды, ал коммуналдық қызмет өкілі қоқыс шығару тек келісімшарт жасалған жағдайда жүргізілетінін түсіндірді. Киберқылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды: кездесуге қатысушыларға интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін кеңестер жазылған жадынамалар таратылды. Мұндай іс-шаралар полицейлерге азаматтардың сұраныстарына жедел әрекет етуге және жергілікті мәселелерді шешуге көмектеседі. Учаскелік инспекторлардың жұмысы жан-жақты – құқықтық бақылаудан бастап мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге дейінгі кешенді тәсілді талап етеді. Халықпен кездесулер Петропавл қаласындағы 14 учаскелік полиция пунктінің аумағында тұрақты түрде өткізіледі. Құқық қорғау органдары азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға және ынтымақтастыққа шақырады – тек бірлесе әрекет ету арқылы әр шағынауданда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге болады.