Облыс орталығында орналасқан «Масло-Дел Петропавл» май экстракциялау зауыты 2024 жылы іске қосылған. Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі саналатын серіктестік күніне 1500 тонна май дақылдарын өңдеуге қауқарлы. Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров зауыттың жұмысымен танысты.

Ең алдымен Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандық кәсіпорындардың басшыларымен тілдесіп, мәселелерін сұрап білді.

Ержан Елубаев – «ЕМС AGRO» ЖШС директоры. Кәсіпкер қазір ет өнімдерін Ресей Федерациясына эскпорттай алмай отыр.

СНХ: ЕРЖАН ЕЛУБАЕВ, «ЕМС AGRO» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Айдарбек Сейпілұлы жергілікті шаруаларға әлі де өнім көлемін арттыру керектігін айтып, біршама тапсырма берді. Кездесуде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков жақында жаңа бағдарлама іске қосылатынын айтты.

СНХ: АЛМАТ ӘШІРБЕКОВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


«Масло –Дел Петропавл» зауытына келер болсақ, мұнда 2024 жылы 3500 тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Сондай-ақ, 10 мың тонна дақыл өңделген. Ал, биыл қаңтар және ақпан айлары аралығында 6800 тонна май алынды.

СНХ: ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, «МАСЛО –ДЕЛ ПЕТРОПАВЛ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ


Кәсіпорында Бельгия, Түркия және Германиядан әкелінген заманауи, қуаты жоғары жабдықтар орнатылған. Серіктестік қызметкерлері жиналғандарды дақылды тазарту процесімен таныстырды.

Зауыт жұмысшыларының орташа еңбекақысы 280 мың теңге. Биыл кәсіпорын 270 жаңа жұмыс орнына ашып, 498 мың тонна дайын өнім шығармақ. Өндіріске қажетті шикізаттар жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алынады. Айта кетейік, «Масло-Дел Петропавл» серіктестігі жыл соңына қарай целитин өндіру үшін өсімдік майын терең өңдейтін жаңа цехті іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 1, 1 млрд теңге. Осылайша, тағы жаңа 12 жұмыс орны ашылмақ.