«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Аққайың ауданының полицейлері ауыл тұрғынының үйген шөбінің арасынан тіркелмеген екі аңшы мылтығын тапты. Олардың бірі сирек кездесетін қару болып шықты.
Табылған қарудың бірі – XIX ғасырда жасалған Бердан мылтығы. Мұндай мылтықтар әскердің қару-жарағында болған, кейін аңшылыққа бейімделген. Сарапшылардың пікірінше, бұл мылтық 1935 жылға дейін шығарылған. Қару иесі оның арғы атасынан қалғанын айтқанымен, тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер тұрғындарға заңсыз қаруды тіркеу немесе өз еркімен тапсыру керектігін еске салады.
Айта кетейік, 11 наурызда басталған рейд барысында өңірде заңсыз сақталған 15 дана қару тәркіленді.