4-ші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік театрларды, сондай-ақ, орыс және басқа да ұлт театрларын қолдау қажеттігін атап өтті. Олар – халқымыздың мәдени әртүрлілігін сақтауға ықпал ететін маңызды нысандар.
Біздің өңірде мемлекеттік меншікке қарасты үш театр бар: С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры және Қуыршақ театры. Сондай-ақ, 13 ауданда халықтық ұжымдар белсенді жұмыс істейді. Театр өнерінің дамуы – кез келген елдің мәдени деңгейінің көрсеткіші. Бүгін, 27 наурыз – Халықаралық театр күні. Бұл мерекені өнер ұжымдары өз көрермендерімен бірге атап өтіп жатыр. Театрларда дәстүрлі кездесулер, қойылымдар өтеді. Бұл жөнінде ертеңгі ақпараттық шығарылымда баяндаймыз.