Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, Президент өз сөзінде осы жағдайға мұқият талдау жасады. Көптеген мәселелердің жүйелі шешімдерін атап, алдағы міндеттерді де айқындап берді. Және қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына да қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар Президент ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқаратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде театр өнеріне деген қызығушылық өсіп келе жатқанын алға тартып, өңірлердегі театрларды дамытуға, әрі бұл іске бизнес өкілдерін белсенді атсалысуға шақырды. Кино және анимация өндірісіне идеологиялық тұрғыдан мән беру керектігін атап өтті.

СНХ: НҰРЗАТ ӘЛЖАНОВА - Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ