Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен облыс аграрилерінің көктемгі егіс науқанына әзірліктері талқыланған келелі кеңес өтті. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ғалымдар бас қосқан жиында дайындықтың маңыздылығы айтылып, биылғы егіс науқанының ерекшеліктері талқыланды.

Шамалы уақыттан соң өңір диқандары егіс науқанын бастайды. Осыған байланысты облыс орталығында көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дәстүрлі семинар-кеңес өтті. Мұнда аудан әкімдері, ғылыми қоғамдастық мүшелері, Қазақстанның аграрлық кеңесінің өкілдері, Ресей Федерациясының ғалымдары, облыстағы агрохолдингтер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге арттыруды тапсырған. Ауа-райы қолайлы болса белгіленген межені бағындыруға өңір диқандарының қауқары жетеді. Облысымыздағы Агроөнеркәсіптік кешені-бұл азық-түлік қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Министр, биылғы жылы Аграрлық кешеннен сұраныс үлкен болатынын, өйткені олар үшін қажетті мүмкіндіктер жасалатынын атап өтті.

СНХР: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ 


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Биыл өңір диқандары ауылшаруашылығы дақылдарын 4,4 млн гектарға екпек. Фермерлер 333 мың тонна минералды тыңайтқышпен қамтамасыз етілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30% - ға артық. Сондай-ақ, аграршылар пестицидтерге жұмсалатын шығындарды жабу үшін 11 млрд теңгеден астам субсидия алған.

СНХР: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Алқалы жиында сондай-ақ сараптамалық ұсыныстар, заманауи агротехнологиялар, көктемгі дала жұмыстарын атқаруда озық әдістер төңірегінде де келелі ойлар ортаға салынды.

СНХР: ҒАБИДЕН БАЛҒЫНБЕКОВ, "ASYL FARMS" ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов сапалы тұқымдарды, тиімді агротехнологиялар мен заманауи техниканы пайдалана отырып, егіс науқанын ұйымдасқан түрде және белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап көрсетті. Өңір басшысы сондай-ақ егіншілікті әртараптандырып, жалпы ауыл шаруашылығына деген көзқарасты қайта қарау керектігін де айтты.

СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Келелі кеңестен соң жиынға қатысулар арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Қатысушылар назарына дәнді-дақыл тұқымдары, тыңайтқыштар және соңғы үлгідегі ауылшаруашылығы техникалары ұсынылды.