«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тазалық акциясы өтті. Іс-шараға 20-дан астам ұйымның өкілдері қатысты. Құлаған, сынған қоршауларды жөндеп, қыстан қалған қоқысты жинады.
Бескөл ауылында айналаны тазалау жұмыстары басталды. Бүгін елді мекен тұрғындары мен түрлі ұйым қызметкерлері ұйымшылдық танытып, ойын алаңдарын қоқыстан арылтуға білек сыбана кірісіп кеткен.
СНХ: ГҮЛЖИХАН БАШИНОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ
СНХ: ЖАНАТ ЕЛЕУСІЗОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ойын балалары жақында асыр салып ойнауды бастайды, доп қуалауға асығады.
Бұл жерді тазалаудан бөлек, мамандар қақпаны дұрыстап, көше бойында жанбай тұрған жарықтарды да іске қосуда. Кейін біз ауылдың басқа шетінде тер төгіп жатқан жандардың жұмысымен танысуға келдік. Ұлағатты ұстаздар да "Таза Қазақстан" акциясы аясында жүргізіліп жатқан шараға белсенді қатысуда. Мұнда бос жүрген жан жоқ, барлығының қолында - тырнауыш пен сыпырғыш, кейбірі қап ұстап, шашылып жатқан бөтелке, қағаздарды жинастыруда.
СНХ: ҚАЙЫРБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, №2 БЕСКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Мұнымен маңызды іс тоқтап қалмайды. Бескөлдіктер апта сайын осындай сенбіліктерді өткізіп тұрмақ.