Жеңістің 80 жылдығына орай Петропавлда ауқымды дайындық басталды. Атап айтқанда, ерлік пен құрметтің нышаны саналатын «Мәңгілік алау» мемориалын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мемориал гранит таспен әрленеді. Қалпына келтіру жұмыстары 9 мамырға дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Петропавлда Отан соғысына арналған өзге де ескерткіштерге тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

СНХР: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТКШ БӨЛІМІ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ