27 наурыз – Халықаралық театр күні. Осыған орай С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Театр – өмір айнасы» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты іс-шарада ұжымның еңбегі ерен қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ, 7 аталым бойынша «Алтын сақа» премиясының жүлдегерлері анықталды.

Бұл мерекелік кеш жылдағыдан ерекше өтті. Бұрын театр ұжымы мереке күні көрермен үшін спектакль қойып, кейін ең үздіктерді өзара анықтайтын еді. Ал, биыл «Алтын сақа» жүлдегерлерін марапаттауға көпшілік те куә болды.

Салтанатты жиында ең алдымен сахна төріне театрдың әртістері шақырылды. Олар қызыл кілеммен жүріп өтіп , көрерменге жеке-жеке таныстырылды. Облыстық Ақан сері атындағы филармонияның әншілері өнердегі әріптестерін мерекемен құттықтап, арнайы ән шырқады.

Облыстық театрда біршама жылдар бойы еңбек етіп, көрерменнің көзайымына айналған әртістердің бірі – Асылхан Рәзиев. Талантты актер былтыр «Үздік актер» номинациясына ие болған.

СНХ: АСЫЛХАН РӘЗИЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ


Ал, Мақпал Серкебаеваның қара шаңырақта еңбек етіп жүргеніне шамамен – 14 жыл. Дарынды актриса 20-дан астам спектакльде ойнаған.

СНХ: МАҚПАЛ СЕРКЕБАЕВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ


Мерекелік кеште көрермен назарына спектакльдерден үзінді қойылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Кейін ұжым қызметкерлері мен актерлер 7 номинация бойынша марапатталды.